МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ПЕН ТӨРАҒА ХҮСЕЙІН КАРАМАН КЕЗДЕСТІ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен университетіміздің Өкілетті кеңесінің төрағасы Хүсейін Караман кездесті.
Мұндағы мақсат – жоғары білім мен ғылым саласындағы Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығын одан әрі нығайту. Сондай-ақ университетті халықаралық академиялық алаң ретінде дамытуды жалғастыру.
Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек ең алдымен Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым саласының қазіргі даму үдерістері, халықаралық білім беру ынтымақтастық аясын кеңейту жөнінде айтты.
Сондай-ақ, еліміздің Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталықтардың біріне айналу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Бұдан әрі университетіміздің алдағы даму бағыттарын талқылап, халықаралық әлеуетін арттыру, жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін кеңінен сөз етті.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы академиялық ықпалдастықты нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жетілдіруге ниетті екенін білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 