ОҚУ ОРДАМЫЗ THE-2024 РЕЙТИНГІНДЕ ҮЗДІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНА КІРДІ
THE – бұл университеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша жұмысы бағаланатын жалғыз жаһандық тиімділік кестесі. Рейтинг төрт көрсеткіш бойынша түзіледі, олар: зерттеу, басқару, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және оқыту.
Биыл алтыншы рет жарияланған рейтингке әлемнің 125 елінен 2152 университет кірді.
Халықаралық талдау агенттігі тізімге қазақстандық 26 университетті де енгізген. Соның ішінде оқу орнымыз жалпы талдау нәтижесі бойынша 100 ден 50.2 ұпай жинап, 1001-ші позицияға тұрақтады. Бұл – қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы үздік көрсеткіштердің (5 орын) бірі.
Айта кететін жайт, Times Higher Education Impact Rankings рейтингі мейлінше көп университеттердің қатысуына ыңғайлы етіп дайындалса да, талаптары өте жоғары. Сондықтан оған қатысуға кез-келген оқу орны тәуекел ете алмайды. Ал биылғы көрсеткіш біздің университеттің әлемдік деңгейде өзінің алар орны бар екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.
Оқу орнымыз 2015 жылы БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағыты бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе, университетіміздің «Сапалы білім», «Лайықты жұмыс және тұрақты экономикалық өсу», «Салауатты өмірді қамтамасыз ету және жақсылықты насихаттау», «Қарым қатынас үшін мақсаттар» бағыттары аясындағы жобалары рейтинг талдаушыларының оң бағасын алды.
Халықаралық рейтингке енуімізге және Қазақстандағы жетекші университеттер қатарынан көрінуімізге атсалысқан барлық әріптестерімізге алғыс айтамыз! Ортақ мақсат пен мүдде аясында күш-жігерімізді біріктіре отырып, бұдан да жоғары жетістіктерге жете алатынымызға сенеміз! Оқу орнымыздың бағындырар белестері көп болсын!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 