YASSAWI ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Оқу ордамыздың «Yassawi академиялық және зерттеу үстемділігі орталығына» қарасты Молекулалық диагностика және геномдық зерттеулер орталығында ашық есік күні өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Ділдабеков пен Бас маманы Алтынбек Жорабек сондай-ақ, Түркістан қаласы мен облыс аудандарындағы мемлекеттік медициналық мекемелердің басшылары мен өкілдері арнайы келді.
Қатысушылар Орталықтың Клиникалық-диагностикалық, Иммунологиялық, Жасуша биологиясы, Молекулалық-генетикалық, Микробиологиялық және Патоморфологиялық зертханаларын аралап, олардың күнделікті жұмысымен, техникалық әлеуетімен және ұсынатын қызмет түрлерімен танысты.
Орталық зертханалардың басты ерекшелігі – ғылыми-зерттеу жұмысын клиникалық-диагностикалық қызметпен ұштастырады. Зертханада жүргізілетін әрбір талдау заманауи ғылыми тәсілдерге сүйенеді. Ал, ғылыми ізденістер науқастың нақты диагнозын анықтауға көмектеседі.
Айта кетейік, Орталық университеттің Клиника-диагностикалық орталығымен бірлесе отырып, Түркістан өңірінің тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде, ақылы негізде де диагностикалық қызмет көрсетуді көздейді. Басты мақсат – қала мен ауыл тұрғындарына сапалы диагностиканың қолжетімділігін арттыру және медициналық диагностиканың дәлдігін жаңа деңгейге көтеру.
Медициналық мекеме басшылары зертханалардың мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта клиникалық-диагностикалық, генетикалық, микробиологиялық және патоморфологиялық талдауларды келісім-шарт негізінде Орталық зертханаларына жіберу жөнінде жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Бұл бағытта Клиника-диагностикалық орталықпен қосалқы орындаушылық негізінде, сондай-ақ, ақылы қызметтерді жүзеге асыру үшін серіктестік келісім-шарттары жүзеге аспақ.
Орталықтың басты мақсаты – дәл әрі сапалы диагностика арқылы халық денсаулығын жақсартуға үлес қосу. Алдағы уақытта Орталықты Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жетекші референс-орталықтардың біріне айналдыру. Бұл өңір тұрғындарына күрделі зертханалық талдауларды басқа қалаларға бармай-ақ, өз өңірінде сапалы әрі қолжетімді түрде тапсыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ашық есік күні университет пен өңірдің денсаулық сақтау мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.
Қызметтік автокөліктерді қайта сату
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды 