«ЯСАУИ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ АКУСТИКАЛЫҚ ӘН КЕШІ ӨТТІ
Университетімізде дәстүрге айналған «Ясауи жүрегімде» атты акустикалық ән кеші өтті. Айтулы шараны Жастар саясаты департаменті ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, түрлі халық өкілдері арасындағы достықты нығайту және жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ән кешіне Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова, Әлеуметтік мәдени-даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Жауапты хатшы м. а Эндер Сайын, Әділет партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы мен орынбасары Ермахан Мырзабай және оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.
Іс-шарада өнерпаздар музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен бірнеше тілде жанды дауыста ән орындады. Ал, тыңдарман қауым қосыла ән шырқап, кештің көркін аша түсті.
Акустикалық кеште өнерпаздар танымал сазгерлердің лирикалық әндерін шырқап, жүректерді тебірентті. Сондай-ақ, студенттеріміз махаббат пен сағынышқа толы өлең-жырларды оқыды.
Кеш соңында оқу ордамыздың жалынды жастары әндер попурриін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша, «Ясауи жүрегімде» кеші әсем ән мен сырлы сезім тоғысқан ерекше рухани кешке айналды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 