«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Оқу ордамызда Заң факультетінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан» тақырыбында студенттер арасында TEDx форматында кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жаңа Конституция нормаларын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Жиында ҚР Мемлекеттік Қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Эльмира Байдарбекова және Заң факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, Жандос Ибраев пен PhD, заңгер Мәншүк Иманбекова спикер болды. Шараны Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Алишер Першеев жүргізді.
Жиында сөз бастаған ҚР Мемлекеттік Қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Эльмира Байдарбекова адалдық пен жауапкершіліктің кәсіби қызметтегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық сананың рөліне назар аударды. Спикер жастарға білімге басымдық беріп, еңбек жолын адалдық қағидаттарымен бастаудың маңызын түсіндірді. Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау және қызметтік ақпараттың құпиялылығына жауапкершілікпен қарау мәселелерін де тілге тиек етті.
Кездесуде өзге де спикерлер еліміздің конституциялық дамуы, құқықтық реформалар, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен қызметшілердің міндеттері, сондай-ақ, шетел азаматтарының Қазақстан аумағындағы құқықтары жөнінде ой қозғады.
Жиын соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 