БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін университетіміздің Журналистика кафедрасының студенттеріне Қазақ журналистикасының феномені, жарқын жұлдызы Бейсен Құранбек атындағы стипендияны табыстау рәсімі өтті.
Жиынға «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілес, «Turkistan Media Holding» ЖШС бас директоры Уәли Қыдыр, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, танымал журналист Ғалымжан Елшібай мен Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Өнер, медиа және дизайн факультетінің деканы Дархан Елжанов бастаған оқытушы-профессорлар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Бейсен Құранбек атындағы стипендияны «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жүрген үздік студенттерге Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылдан бері тұрақты түрде тапсырылып келеді. Биылғы стипендияның демеушісі Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Дәулетов болды.
Жиынды дәстүрлі бастаманың ұйымдастырушысы, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай жүргізді.
Алғашқы сөзді бастаған вице-ректор Мустафа Гиритлиоглу: «Бүгін ортамызда БАҚ өкілдерін көргеніме өте қуаныштымын. Біздің университетімізде болашақ журналистер үшін мүмкіндік көп. Соның бірі – Журналистика мамандығының 4-курс студенттерін Түркияның мемлекеттік телеарналарында бір айлық халықаралық тәжірибеден өтуге жіберу.
Менің ойымша, сіздер де бұл бастамаға үлкен қолдау білдіріп отырсыздар. Себебі, студенттер үшін журналистика саласының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы стипендияға ие болу – зор құрмет. Бейсен Құранбектің есімі – зиялылықтың, азаматтықтың, ұстаздықтың, елге қызмет етудің және журналистік жауапкершіліктің жарқын үлгісі»,-деді.
Келесі кезекте, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілес өзі қызмет атқаратын «Қазақ газеттерінің» жұмыстарын таныстырды.
Сонымен қатар, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай журналистика кафедрасының қызметіне тоқталып, заманауи медиа мен дәстүрлі баспасөздің қоғамдағы маңызы туралы ой қозғады. Сондай-ақ, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, тілі һәм құлағы» деген тұжырымын негізге ала отырып, журналистиканың қоғамдағы рөліне тоқталды.
Шара барысында кәсіби журналистер мен болашақ журналистер арасында ашық диалог орнады. Еркін пікір алмасқан студенттер көкейкесті сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ, көпшілік қауым Өнер, медиа және дизайн факультетінің өнерлі студенттері дайындаған арнайы бағдарламаны тамашалады.
Бұдан әрі салтанатты жиын стипендия табыстау рәсіміне ұласты. 2026-27 оқу жылында Бейсен Құранбек атындағы стипендияны иеленген студенттер қатарында 1-курс студенті Жанель Мұстафаева, 2-курс студенті Бекарыс Райхан және 4-курс студенті Фарангиз Гуламкадирова бар. Жеңімпаздарға 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай стипендияны «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Ержан Байтілес табыстады.
Жиын соңында вице-ректор Мустафа Гиритлиоглу Ержан Байтілеске университет атынан сый-сияпаттар берді.
Білімді де талантты жастарды қолдауға бағытталған игі дәстүр алдағы жылдары да өз жалғасын табады.
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
# 19. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 