ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ ТҮЗІЛДІ
Университетімізге Түркия Республикасы Дербес деректерді қорғау мекемесінің төрағасы, профессор, доктор Фарук Білір келді. Құрметті қонақты ректор өкілі Пейами Баттал қарсы алды.
Фарук Білір, ең алдымен, Заң факультетінде «Цифрлық әлемдегі деректерді қорғау» тақырыбында семинар өтті. Жиынға оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысып, цифрлық кеңістіктегі жеке деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялылық мәселелерін талқылады.
Келесі кезекте, университетіміз бен Түркия Республикасы Дербес деректерді қорғау мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Құжатқа Мекеме төрағасы Фарук Білір мен ректор өкілі Пейами Баттал қол қойды.
Меморандумның мақсаты – жеке деректерді қорғау, олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беру және тәжірибе алмасу байланыстарын нығайту.
Құжат аясында тараптар жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша ғылыми семинарлар, конференциялар мен өзге де іс-шаралар ұйымдастыруды, ұлттық және халықаралық жобаларды бірлесіп әзірлеуді, ғылыми жарияланымдар дайындауды көздейді. Сонымен қатар, студенттердің осы бағыттағы сауатын арттыру, оқу бағдарламаларына тиісті пәндерді енгізу, бірлескен зерттеу зертханасын ашу мүмкіндігін қарастыру және ортақ ғылыми ресурстар әзірлеу бағытында жұмыс жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибе алмасуға және жеке деректер қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп зерттеуге басымдық берілмек.
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды 