ОҚЫТУШЫМЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ЖҮЛДЕГЕРІ
Университетіміздің Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мереке Айдарша Өзбекстанда өткен халықаралық «Кілемдер шұғыласы» (Gilamlar jilosi) атты кілем көрмесінде II орын иеленді.
Көрменің басты мақсаты – мыңжылдық тарихы бар кілем тоқу өнерін сақтау, дамыту және оны заманауи дизайнмен ұштастыру.
17–18 қазан күндері Хиуа қаласында өткен халықаралық көрмеге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Әзербайжан және Түркия сияқты таяу және қиыр шетелдердің де танымал кілем тоқушылары, қолөнершілері, дизайнерлері мен сала ғалымдары қатысты.
Қатысушылар ұлттық кілем тоқу өнерінің озық үлгілерін ұсынып, әртүрлі халықтардың дәстүрлі тоқу мектептерімен, бірегей техникаларымен, ұлттық нақыштары мен ою-өрнектерінің символдық мағыналарын таныстырды.
Көрмеде Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша қазақ халқының дәстүрлі кілем тоқу өнерін паш етіп, ұлттық қолөнеріміздің ерекшеліктерін халықаралық деңгейде танытты.
Оқытушымызды құттықтай келе, шығармашылық шабыт пен жаңа белестер тілейміз!
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды 