V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Оқу ордамызда І Баку түркология конгресіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған V Халықаралық жас түркологтар конференциясы өз мәресіне жетті.
Айтулы басқосуға Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Хорватия, Өзбекстан және Ресейден келген жас түркологтар, зерттеушілер мен студенттер қатысты.
Конференция аясында екі күн бойы 13 секциялық отырыс өтті.
Қатысушылар «Қазақ тілінен түрік тіліне көркем аударма жасаудағы жасанды интеллект», «Түрік және парсы тілдерінің байланыстары жөніндегі библиографиялық зерттеу», «Түркі-ислам сәулет мұрасы: әзербайжан материалдары негізінде сәндік керамиканың рөлі», «Түрік тілі және жасанды интеллект», «1926 жылғы І Баку түркология конгресіндегі еуропалық ғұндар, хазарлар және көне түркі мемлекеттері мәселесі: түркі әлемі тарихына ортақ көзқарас» сынды өзге де тың тақырыптар аясында баяндамалар ұсынды.
Ғылыми талқылауларда түркі тілдерінің өзара байланысы мен тарихи дамуы, түркі халықтарының әдеби мұрасы, мифологиясы мен фольклоры, ұлттық бірегейлік, мәдени сабақтастық және тарихи деректерді зерделеу мәселелері кеңінен қамтылды.
Атап айтқанда, қазақ және түрік тілдерінің лексика-фразеологиялық сабақтастығы, көне түркі жазба ескерткіштері, түркі халықтарының мифологиялық танымы, батырлық жырлар мен эпостардағы ортақ бейнелер, дәстүрлі мәдениет пен салт-ғұрыптардың ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Сонымен қатар, ортағасырлық түркі мемлекеттерінің тарихы, түркі-ислам сәулет мұрасы, тарихи романдардағы ұлттық таным мен бірегейлік мәселелері көтерілді.
Конференцияның маңызды бағыттарының бірі – түркология саласындағы заманауи зерттеу тәсілдері мен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері болды. Секциялық отырыстарда жасанды интеллектті көркем аудармада қолдану, көне түркі жазбаларын цифрландыру, ортақ цифрлық платформалар құру, тілдік мұраны сақтау және зерттеудің жаңа әдістері жөніндегі тақырыптар қозғалды.
Сондай-ақ, 1926 жылғы І Баку түркология конгресінің тарихи маңызы, түркі әлемінің ғылыми байланыстары, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасы мен тілдік жақындығын зерттеу мәселелері талқыланды.
Конференцияның қорытынды отырысында ғылыми баяндамалар мен секциялық жұмыстардың нәтижелері сараланды. Осылайша, халықаралық ғылыми жиын жас зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасуына, ғылыми байланыстарды нығайтуға және түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.
Айта кетейік, конференцияның ресми және секциялық отырыстары аяқталды. 23–24 қазан күндері қатысушылар арнайы мәдени бағдарламаға қатысады.
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды 