УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ МЕН РЕКТОР ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ
Түркия Республикасының Анкара қаласында Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караман мен ректор Жанар Темірбекова жұмыс кеңесін өткізді.
Жиында оқу ордамыздың академиялық және әкімшілік қызметінің қазіргі жай-күйі, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жобалар мен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, факультеттер мен институттардың қызметі сараланып, жаңа кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар мен басым бағыттар қарастырылды. Түркі әлеміндегі жоғары білім беру саласында жетекші орын алатын оқу ордамыздың халықаралық әлеуетін арттыруға бағытталған алдағы міндеттер айқындалып, оларды жүзеге асырудың басым бағыттары белгіленді.
Кездесу соңында Өкілетті кеңес төрағасы Хүсейін Караман мен ректор Жанар Темірбекова университеттің институционалдық әлеуетін нығайту, білім беру мен ғылыми қызметтің сапасын арттыру және белгіленген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, қолға алынған жобалардың нәтижелі жүзеге асуына сенім білдірді.
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды 