БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ӨРІК ТЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордамыздың ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды.
Бұған дейін бақтағы шие ағаштарының өнімдерін жинап, жидектен жасалған шырын университет факультеттеріне таратылғаны туралы хабарлаған едік.
Енді, міне, биылғы маусымның піскен өріктерін жинау және өңдеу жұмыстары да бастау алды. Бақтың жалпы аумағының 15 гектарын өрік ағашының аумағы құрайды.
«Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау» жобасы аясында өріктерді жинауға күніне 30-ға жуық адам жұмылдырылды.
Мамандар биыл шамамен 30 тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Жиналған өнімдерді жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехінде сапасына қарай сұрыптап, одан кептірілген өрік әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда ботаниқалық бағымызда 650 млн теңгеден астам сомаға 3 ірі жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында жаңа цех құрылып, өсімдіктерді Түркістан өңірінің климатын бейімдеп, өсіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 