ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Университетімізге Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және өзге де мемлекеттердің ғылыми-білім беру саласындағы 60-қа жуық өкілінен құралған халықаралық делегация келді.
Айта кетейік, делегация мүшелері оқу ордамызға WSMA Global Forum халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өтіп жатқан «Жасанды интеллект және цифрлық қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында арнайы ат басын бұрды.
Басты мақсат – халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайту, жасанды интеллект технологияларын білім беру саласына енгізу тәжірибесімен алмасу. Сондай-ақ, университеттің білім беру, ғылыми-инновациялық әлеуетімен таныстыру.
Қонақтар, ең алдымен, университет кампусын аралап, факультеттер мен Клиника-диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Түркі халықтарының тарихы панорамалық мұражайын аралады.
Басқосуды Халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Фуркат Дадажанов жүргізді. Ол қатысушыларға университеттің тарихы мен қызметі, білім беру бағдарламалары, негізгі миссиясы, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және халықаралық білім алаңындағы орны мен рөлі туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ерболат Тұрсынбек «AYU-дің сандық трансформациясы: жасанды интеллект, сандық қауіпсіздік және инновация» тақырыбында баяндама оқыды. Ол университеттің цифрлық экожүйесі, білім беру, басқару және ғылым салаларын қамтитын бірыңғай цифрлық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері жөнінде тың мәліметтер ұсынды. Қатысушылар университетіміздің цифрлық трансформация, ғылыми зерттеулер және инновациялық даму бағытындағы мүмкіндіктері мен әлеуетіне жоғары баға беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше қызығушылық танытты.
Жиын соңында делегация мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 