ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ЖИЫНЫ ӨТТІ
Университетімізде шетелдік студенттерге арналған құқықтық кеңес жиыны өтті. Іс-шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының өкілдері арнайы қатысты.
Жиынды Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов жүргізді. Ал спикерлер қатарында: Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Түркістан қалалық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Гүлзейнеп Қаражигитова, Түркістан қалалық Полиция басқармасы ҚҚБ УПИ бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Сүндет Әбдібек болды.
Басты мақсат – шетелдік білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру, визалық тәртіп пен уақытша тұруға рұқсат алу мәселелері бойынша ақпарат беру. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Басқосуда алғаш сөз тізгінін алған Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу: «Құрметті шетелдік студенттер, сіздер Қазақстанға білім алу мақсатында келдіңіздер. Әр елдің өзіне тән заңдары мен құқықтық талаптары бар. Қазақстанның да өзіндік заңнамасы мен құқықтық нормалары қалыптасқан. Біздің міндетіміз – сіздерге сапалы білім берумен қатар, Қазақстандағы оқу жылдарыңызда заң талаптарын сақтап, құқықбұзушылықтарға жол бермеудің маңызын түсіндіру. Кейде заңды білмегендіктен, әдейі жасамаса да, адам белгілі бір талаптарды бұзып алуы мүмкін. Сондықтан, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті ақпаратты алдын ала түсіндіруді жөн көрдік»,-деді.
Ал Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов шетелдік студенттерді әлеуметтік қолдау, оларды жатақханамен қамтамасыз ету және университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері жөнінде ой қозғады.
Сонымен қатар, вице-ректор білімгерлердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау аса маңызды екенін тілге тиек етті. Қазақстанға білім алу үшін келген жастарды қоғам мен университеттің ішкі тәртібін сақтауға шақырды.
Келесі кезекте, Түркістан қалалық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Гүлзейнеп Қаражигитова шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында болу және жүріп-тұру ережелерін сақтау, визалық тәртіп, уақытша тұруға рұқсат алу және көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша кеңінен ақпарат берді.
Жиында Түркістан қалалық Полиция басқармасы ҚҚБ УПИ бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Сүндет Әбдібек «Шетелдік студенттердің қоғамдық тәртіпті сақтауы, құқықтық жауапкершілігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.
Басқосу соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 