Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape
    Жаңалықтар
    Blog Image

    «АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ»: «AI-СЕЙСЕНБІЛІК» ПРАКТИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

    Университетімізде «Академиялық көшбасшылық» бағдарламасы аясында факультет декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен кураторлардың цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған бес апталық «AI-Сейсенбілік» практикалық марафоны жалғасуда.
    Практикалық марафонды Коммерцияландыру офисі YASAWI STARTUP инкубациялық бағдарламасы аясында ұйымдастырды. Басты мақсат – академиялық көшбасшылық мәдениетін дамыту, басқару үдерістерін жетілдіру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру мен әкімшілік жұмыстарда тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
    Апта сайын сейсенбі күні кітапхананың coworking орталығында корпоративтік таңғы ас форматында өтетін кездесулер қатысушылардың біліктілігін арттыруға, командалық жұмысты нығайтуға және заманауи технологияларды тәжірибеде меңгеруге бағытталған.
    Марафонның өткен аптасында қатысушылар жасанды интеллект құралдарының көмегімен креативті бейнероликтер мен өлеңдер генерациялауды үйренді. Практикалық тапсырмалар аясында әзірленген шығармашылық жұмыстарды факультеттердің Instagram парақшаларында жариялады.
    Ал, бұл аптадағы кездесу жасанды интеллект негізінде цифрлық боттар құрастыру тақырыбына арналды. Практикалық сессия барысында қатысушылар бот жасаудың негізгі тәсілдерімен танысып, өздерінің цифрлық көмекшілерін құрастыруды тәжірибе жүзінде меңгерді. Сонымен қатар, мұндай құралдарды күнделікті әкімшілік және академиялық жұмыстарда тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.
    Практикалық форматта өткен кездесу қатысушыларға жаңа цифрлық құралдарды игеріп қана қоймай, оларды өз қызметінде қолдану мүмкіндіктерін сынап көруге жол ашты.
    «AI-Сейсенбілік» марафонының келесі кезеңдерінде қатысушылардың цифрлық сауатын арттыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін жұмыс тәжірибесіне енгізуге бағытталған жаңа тақырыптар қамтылады.