«ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІН ДӘРІПТЕГЕН ТАНЫМДЫҚ-ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
Университетімізде Жастар орталығы және Шаңырақ студенттік клубтар координациясына қарасты Орда тарихи танымдық клубының ұйымдастыруымен «Ақыл, Қайрат, Жүрек: Толық адамның үш негізі» атты танымдық-поэзиялық кеш өтті.
Жиынның мақсаты – Абай Құнанбайұлының «Толық адам» іліміндегі ақыл, қайрат және жүрек үйлесімінің рухани-философиялық мәнін жастарға кеңінен таныту, ұлттық әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықты арттыру.
Шара барысында студенттер Абай шығармаларынан және қазақ ақындарының ақыл, қайрат, жүрек тақырыптарына арналған өлеңдерін оқыды. Көркем сөзбен өрілген поэзиялық бөлімде Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалып, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына негізделген «Махаббат диалогы» қойылымын көрермен назарына ұсынды. Сондай-ақ, клуб мүшелері авторлық туындылары мен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.
Бағдарлама аясында «Жыр додасы» атты әдеби-танымдық ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар ақындарды өлең жолдары арқылы танып, шығармалардың жалғасын тауып, қазақ әдебиетіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Кеш соңында «Орда» клубының мүшелері гитараның сүйемелдеуімен ән орындап, әдеби-сазды шараны қорытындылады.
Мұндай кездесулер студенттердің көркем сөзге деген қызығушылығын арттырып, мәнерлеп оқу, шығармашылық ойлау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 