1- КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ
Университетімізде Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова бастаған Академиялық департамент мамандарының 1-курс студенттерімен екі аптаға созылған кездесулері өз мәресіне жетті.
Басты мақсат – университеттің академиялық саясаты мен ережелерін, стратегиялық жоспарларын, оқу орнының құндылықтарын білім алушыларға жан-жақты таныстыру.
Апталық барысында вице-ректор Эльмира Идрисова бастаған департамент мамандары студенттерге университеттің миссиясы мен мұратын, стратегиялық мақсаттары мен басым бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылының академиялық күнтізбесін таныстырды.
Жиындарда білім берудегі сапа, адалдық, ашықтық, әділдік, жауапкершілік және инновацияға ұмтылыс сынды негізгі құндылықтарға ерекше назар аударылды. Студенттер академиялық адалдық қағидалары, оқу процесіндегі тәртіп пен жауапкершілік, бағалау жүйесі және академиялық ережелер туралы толық ақпарат алды.
Сондай-ақ, вице-ректор сессияның өту тәртібі, өндірістік іс-тәжірибеден өту талаптары мен білімді бағалау ерекшеліктерін түсіндірді.
Бұдан бөлек, білімгерлер академиялық ұтқырлық бағдарламалары, шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру және Түркия Республикасында білім алу мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.
Осылайша, екі апта бойы өткен кездесулер 1-курс студенттерінің университет ортасына бейімделіп, білім алу барысындағы талаптар мен мүмкіндіктерді кеңінен танып-білуіне жол ашты.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 