XXXV СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Оқу ордамызда бір жарым айға созылған студенттер арасындағы факультетаралық дәстүрлі XXXV спартакиада өз мәресіне жетті.
Жарыстың мақсаты – факультеттер арасындағы достықты нығайту, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Спартакиада аясында командалар спорттың 9 түрінен эстафеталық ойындар, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, үстел теннисі, ату спорты, шахмат және арқан тарту сынды спорт түрінен өзара бақ сынасты.
Жабылу салтанатында алғашқы сөзді Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов алып: «Сайысқа қатысып, факультет намысын қорғаған барлық студентке алғысымды білдіремін. Спорт – біліммен қатар, студенттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды көпір. Жарыста жеңіс те, жеңіліс те болады. Ең бастысы – белсенділік пен талпыныс. Оқуда озат, спортта шымыр болыңыздар!»,-деді
Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Жаратылыстану ғылымдар факультеті жеңіп алды. Ал, Стоматология факультеті II орын иеленсе, III орын Медицина факультетіне бұйырды.
Сонымен қатар, әр спорт түрінен үздік ойын көрсеткен студенттер де арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Студент жастарды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын спорттық ойындар алдағы уақытта өз жалғасын табады.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 