СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЕЛ МЕРЕЙІН ТАСЫТТЫ
Иорданияның астанасы Аман қаласында Азия чемпионатында оқу ордамыздың студенттері жүлделі ІІ орынды иеленді. Боз кілемде Шұғыла Өмірбек 57 келі, ал Тыныс Дубек 62 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Грек-рим және әйелдер күресінен өткен чемпионатта 23 жасқа дейінгі спортшылар сынға түсті. Мерейімізді тасытқан балуан қыздарымыздың бапкерлері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетов және аға бапкер Қанат Тургараев.
Сонымен қатар, Қытайдың Макао қаласында ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында спортшы студентіміз Ұлболсын Адилова 80 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Жаһандық додада абыройымызды асырған спортшымыздың бапкері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абсадық Халилаев.
Байрақты бәсекеде жеңімпаз атанып тұғырдың биігінен көрінген спортшыларымыз бен бапкелерін шын жүректен құттықтаймыз!
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
# 19. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 