ТҮРКИЯДА БІЛІМ АЛҒАН СТУДЕНТТЕРІМІЗГЕ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Университетіміздегі Теология факультетінің студенттері Түркияда жазғы лагерьге қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Теология факультетінің 22 студенті Түркия Республикасы, Sivas Cumhuriyet және 19 Mayıs университеттеріне 1 семестрге оқуға кеткен болатын. Қос мемлекеттің қолдауымен оқуын аяқтаған білімгерлерге Түркияда арнайы «Жазғы лагерь» ұйымдастырылды.
Болашақ теолог студенттер елге оралмас бұрын, жазғы демалыстарын Түркияда өткізуі үшін арнайы бағдарлама жасалды.
Лагерьдің бірінші бөлімі – «Құндылықтарды тәрбиелеу» тақырыбы аясында Самсун қаласындағы Жастар және спорт министрлігіне қарасты Фазыл Кады жастар орталығында өтті. Жиынға Самсун провинциясы мүфтиі және қоғам белсенділері мен ғалымдары қатысты.
Айта кетейік, алдағы 2 аптада студенттеріміз Стамбулда оқуларын жалғастырып, содан кейін Денизли Памуккале университетінде жазғы курстарға қатысады. Курстарын аяқтап, тамыз айының соңында Қазақстанға оралады.
Студенттер айтулы бағдарламаны ұйымдастырған университет басшылығына, факультет ұжымына, профессор Метин Йылмазға және басқа да қызметкерлер мен оқытушыларына ризашылықтарын білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 