ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҢҒЫРУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ
Оқу ордамызда «Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы 2026» атты II Халықаралық симпозиум аясында «STEРPE & STATEHOOD: Конституциялық реформалар номадтық код призмасында» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәріс барысында Мақсұт Нәрікбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Муслим Хасенов «Қазақстанның конституциялық эволюциясы» тақырыбында баяндама оқыды.
Спикер қазақ мемлекеттілігінің тарихи қалыптасуы мен конституциялық дамуының негізгі кезеңдеріне тоқталды. Ол Қазақ хандығы дәуіріндегі дәстүрлі басқару жүйесі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» секілді құқықтық мұралардың маңызы туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы конституциялық реформаларына шолу жасап, 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялардың ерекшеліктерін түсіндірді. 2026 жылғы жаңа Конституция аясындағы өзгерістерге тоқталып, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелерін атап өтті.
Келесі кезекте, онлайн форматта Стоуни-Брук университеті, Философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Розабель Ансари спикер болды. Ол «Әл-Фарабидің әділеттілік, басқару және кемел мемлекет философиясы» тақырыбында ғылыми көзқарасын ұсынды.
Профессор өз баяндамасында әл-Фарабидің философиялық мұрасындағы әділеттілік, парасатты басқару және кемел мемлекет қалыптастыру идеяларына тоқталды. Сондай-ақ, ойшылдың мемлекет пен қоғам туралы тұжырымдарының қазіргі саяси және қоғамдық даму үдерістерімен сабақтастығын ғылыми тұрғыда пайымдады.
Осылайша, қонақ дәріс барысында тарихи мемлекеттілік дәстүрі мен заманауи конституциялық реформалар сабақтастығы, сондай-ақ әділетті қоғам мен тиімді мемлекеттік басқарудың философиялық негіздері кеңінен талқыланды.
# 22. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 