ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚОШТАСУ КЕШІ ӨТТІ
Жиынды ашып беру үшін алғашқы сөзді алған Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева дәрігер атанған түлектерді құттықтады.
«Біздің сүйікті түлектер, қадірменді ата-аналар, құрметті ұстаздар! Барлықтарыңызды бүгінгі диплом табыстау салтанатты кешімен құттықтаймын!
Түлектер, сіздер 7 жыл бұрын өмірлеріңіздегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдап, осы университеттің табалдырығын аттаған едіңіздер. Ол шешімдеріңіз кездейсоқ емес деп ойлаймын. Сол шешімнен соң, 7 жыл бойы еңбек етіп, күні-түні сабақ оқып, емтихан тапсырып, бүгін міне, дәрігер деген жоғары мәртебеге ие болдыңыздар.
Құрметті түлектер, өздеріңізге білім берген ұстаздар қауымын ұмытпаңыздар! Қашанда университетіміздің мәртебесін көтеріп, атын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!»,-деді Айнаш Ошибаева.
Келесі кезекте, Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінің деканы Әлия Абдрахманова да бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, өз ісінің мықты маманы болуға шақырды.
Айта кетейік, жиында барлығы – 275 бітіруші түлек, оның ішінде 26 – Үздік диплом иегері марапатталды.
Факультеттің бұрынғы декандары мен оқытушы-профессорлары түлектерге ақ тілектерін арнап, бата берді. Олардың қатарында профессор, академик, «Құрмет» орденінің иегері Нұрділлә Түзелбаев, Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Асқар Сатханбаев, Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Жүнісов және өзгелер интернатураның үздік түлектеріне қызыл дипломдарын табыстады.
Салтанатты кеште түлектер ән шырқап, ұстаздары мен студент жастарға деген ыстық ықыласқа толы тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар, сахна төрінде әннен шашу шашылып, мың бұрала билеген арулар көрермен қауым мен ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шарада қонақ болған ақ халатты абзал жандар, медицина саласы мен білім беру ісінің үздіктері, профессор-дәрігерлер түлектерге дипломдарын табыстап, ақ жол тіледі.
Осылайша, ұлт денсаулығы мен медицина саласының дамуына өлшеусіз үлес қосуды ниет еткен түлектердің қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 