ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ОҚУ ОРДАМЫЗДА
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында оқу орнымызға арнайы ат басын бұрды.
Денсаулық сақтау вице министрі Тимур Сұлтанғазиев және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдувалиев бастаған денсаулық сақтау саласының жетекші мамандарынан құралған делегация Клиника-диагностикалық орталығының және Медицина факультетінің жұмысымен танысты.
Қонақтарды оқу орнымыздың ректоры Жанар Темірбекова, вице-ректор Айнаш Ошибаева бастаған клиника және факультет ұжымы қарсы алды.
Делегация, ең алдымен, Клиника-диагностикалық орталығын аралап, емделушілерге жасалған жағдай және де соңғы үлгідегі заманауи құрал жабдықтарды көрді.
Университет ректоры Жанар Темірбекова мен Клиника-диагностикалық орталықтың бас дәрігері Мехмет Зия Генчер орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырып, онда қызметкерлердің тәжірибе алмасу мақсатында еліміздегі және Түркиядағы медицина мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, университет клиникасы – медицина бағыты бойынша білім алатын студенттердің практикалық базасы екенін атап өтті.
Бұдан әрі денсаулық сақтау вице министрі Медицина факультетінде орналасқан «Микробиология» лабораториясына барды. Бұл лабораторияда микроорганизмді зерттеуге және оны оқу процессінде пайдалануға қажетті барлық құралдар бар.
Жұмыс сапары соңында Тимур Сұлтанғазиев университеттіміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін істеп жатқан жұмысына оң бағасын берді. Жеке клиникасы бар оқу орнының жоғары деңгейде қызмет жасап, маман даярлауда үлкен үлес қосып жатқанын айтып, ұжымға сәттілік тіледі.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Лингвистикалық орталығы мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
№1 Қыздар жатақханасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультеті оқытушы-профессорлар құрамына онкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетіне кафедра меңгерушілер мен оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды 