ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ VI ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Апта басында оқу орнымызда бастау алған Түркі мемлекеттерінің VI жазғы мектебі өз мәресіне жетті.
«Түркология жазғы мектебі» және «Жаңа энергия технологиялары жазғы мектебі» деп аталатын екі бағдарлама бойынша өткен ауқымды жобаға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Македония және Албаниядан барлығы 50 студент және 37 оқытушы қатысты.
Қатысушылар бір апта көлемінде түркология және жаңа энергия технологиялары салалары бойынша ғалымдардың маңызды баяндамаларын тыңдады. Сондай-ақ, студенттер тақырыптық презентацияларын қорғап, академиктермен бірге көкейдегі сұрақтары мен пікірлерін талқылады.
«Түркі әлемінің әр тарапынан келген студенттер және жас академиктердің алдында 950 жыл бұрын жазылған Диуани лұғат ат-түрік еңбегі және Махмұд Қашқари туралы зерттеуім туралы баяндауға мүмкіндік алдым. Ерекше атап айтқанда, қасиетті Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауидің атымен аталатын Халықаралық қазақ- түрік университетінде осындай мүмкіндікке ие болуым – үлкен бақыт. Кеңпейілді, сыпайы қонақжайлылығы үшін университетке алғыс айтамын», - деді жазғы мектепке арнайы келген профессор, доктор Өзгүр Касым Айдемир.
Түркияның танымал ғалымы, профессор Ибраһим Динчер қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі – энергия екенін тілге тиек етіп, саланың маңызына тоқталды.
«Энергия өткеннен бүгінге дейінгі тарихтың бағытын өзгерткен маңызды өнертабыстардың бірі болды. Бүгінде энергия қоғамды және экономиканы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Энергия болашақта әлемнің тағдырын айқындайды. Осыған орай бұл жазғы мектеп энергияның осы үлкен бейнесін түсінуге мүмкіндік береді. Жазғы мектеп аясында, қатысушылар энергетика саласындағы соңғы әзірлемелер мен инновациялар туралы тың ақпараттар жинауға мүмкіндік алады», - деді ғалым.
Осылайша, түркі әлемінің тарихы, археологиясы, тілі, әдебиеті, мәдениеті, сондай-ақ, энергетикалық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер, қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәліметтер қамтылған жазғы мектеп сәтті аяқталды. Жоба соңында қатысушылар алған білімдері бойынша тест тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар жазғы мектеп барысында қатысушылар үшін киелі шаһар – Түркістанның тарихи-мәдени орындарына саяхат ұйымдастырып, жәдігерлер туралы құнды ақпараттарды берді.
Айта кетейік, осымен 6-шы рет өткен Түркі мемлекеттерінің жазғы мектебін Ахмет Ясауи университеті, Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі (ТИКА), Түркия ғылым академиясы (TÜBA), Түрік тілі қауымдастығы және Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 