УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» жарлығы аясында дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған зиялы қауым өкілдері және университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.
Жиын Атом электр станциясын салу тақырыбына арналды.
Алғашқы сөз тізгінін алған Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев:
«Өздеріңіз білетіндей, Республикалық референдумға да аз ғана уақыт қалды. Осы тұста, халық арасында АЭС салу қажет пе, жоқ па деген сұрақ туындағаны мәлім. Әрине, бізге АЭС қажет. Себебі, барлық дамыған мемлекеттерде, әсіресе, АҚШ, Франция, Ресей, Қытайда Атом электр станциясы жетерлік. Кейде, Атом электр станциясы Қазақстанда ертерек салынуы керек пе еді дейміз?!»,-деді.
Сонымен қатар, АЭС-ның елге тигізер пайдасы туралы тың ойларымен бөлісті. Халықты оң өзгерістер мен ел экономикасының дамуына бастайтын бұл істі қолдауға шақырды.
Келесі кезекте, оқу ордамыздағы PhD доктор, Физика кафедрасының аға-оқытушысы Серік Полатұлы мен физика ғылымдарының докторанты Алмагүл Уәлихан АЭС салу бойынша өз баяндамаларын оқыды. АЭС салудағы қауіпсіздік Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылауында болатыны туралы айтты. АЭС арқылы қол жеткізетін пайдалы дүниелерді атап, ғылыми тұрғыда пікірлерін білдірі. Сондай-ақ, барлық қатысушыларды, облыс тұрғындарын 6 қазан күні өтетін Референдумға қатысуға шақырды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзекті тақырыпқа байланысты өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 