«АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін университетімізде «Атом электр станциясын салу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара – Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум аясында ұйымдастырылды.
Жиынның негізгі спикері, Физика кафедрасының аға оқытушысы Саттарбек Бекпаев «Атом электр станциясы» атты баяндамасын жасады. Ол атом энергетикасының жаһандық тенденцияларын зерттеу және атом энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау нәтижелерін көрсетті.
«Негізгі мақсат – қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, экономикалық өсуді қолдауға қабілетті энергетикалық инфрақұрылымды құру. АЭС салу – бұл жай ғана жоба емес, бұл еліміздің болашағына стратегиялық қадам», - деді Саттарбек Бекпаев.
Келесі баяндамашы, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің магистранты Юлдуз Амангелдиева:
«Қазақстанның атом энергетикасы саласында мол тәжірибесі мен уранның айтарлықтай қоры бар. Аталған дүниелер АЭС салуды экономикалық тұрғыдан тиімді етпек. Дегенмен, экологиялық және қауіпсіздік аспектілерін де ескеру қажет. Заманауи тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету мен озық технологияларды енгізу аса маңызды»,-деді. Сондай-ақ, АЭС салу бойынша тың зерттеулермен, статистикалық мәліметтермен бөлісті.
Семинарға қатысқан студенттер АЭС құрылысы мен қауіпсіздігі жайында өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 