ОҚУ ОРДАМЫЗДА «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РҚБ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨШПЕЛІ-КЕҢЕСІ ӨТТІ
Басты мақсат – президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттері туралы талқылап, ұйымдастыру.
Айтулы басқосуға «Ардагерлер Ұйымы» РҚБ Орталық кеңестің төраға мүшелері, Түркістан облысының ардагерлері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы өңірлік ардагерлер ұйымдарының басшылары, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиында алғашқы сөзді алған Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер Ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов маңызды баяндама жасады.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі жолдауын саралап, негізгі міндеттер мен ел дамуы жолында ұлт болып, адал еңбек ету туралы және т.б мәселелерді көтерді.
Ал, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді.
Алқалы басқосу университет студенттерімен кездесу жиынымен жалғасты.
Залға жиылған көрермен Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамедов жайлы музыкалық-композициялық қойылымды тамашалады. Қойылымда адал еңбекпен адал табысқа жеткен – Бақтықожа Ізмұхамедовтың өмірбаяны, елге қызмет жолындағы батыл шешімдері мен ақындық өнері көрсетілді.
Студенттер менардагер қауым Бақтықожа Салахатдинұлына Қазақстанның дамуына, өзжерін сақтап, шегарасын бекітуіне, мұнай-газсаласы мен өнер жолында қосқан өлшеусіз үлесі үшін басиіп, құрмет білдірді.
Бақтықожа Ізмұхамедов те өзінің ақтілегін жеткізіп:
«Сол бір кездерді еске түсіріп, осындай қойылым ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Бүгін, міне, ортамызда бір топ жастар отыр. Сіздерге, ағалық, әкелік айтар ақылым бар. Уақытты зая кетірмей, қолдан келгенше жақсы білім алу керек. Әйгілі университетте оқып жатқандарыңыздың өзі – үлкен мақтаныш! Сіздердің араларыңызда болашақ ғалымдар мен басшылар, жақсы мамандар отыр. Талаптарыңыз оң болсын. Ең бастысы – адал адам болу!»,-деді.
Сондай-ақ, ауқымды шараны ұйымдастыруға ат салысқан ректор Жанар Темірбековаға алғысын айтты.
Келесі кезекте, университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова:
«Біз әрдайым ардагерлеріміздің алдында бас иеміз! Олар біздің университетке келеміз десе қуанамыз. Себебі, ардагерлеріміз – ауыздары дуалы, көреген жандар. Қашанда батасын беріп, жақсылыққа жол сілтейді.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет деген жолмен жүрсек, алмайтын қамалымыз жоқ. Бүгінгі ардагерлеріміздің өмірі – үлгі мен өнеге. Жастар, сіздер бақыттысыздар! Сіздер Ясауи университетінде оқып, республикалық деңгейде, еліміздің дамуына еңбегі сіңген ардагерлермен кездеуге, сұхбаттасып, тәрбие алуға мүмкіндіктеріңіз бар!»,-деді.
Осылайша республикалық көшпелі-кеңес сүбелі сұхбатпен, ардагерлердің рухани азық болар ойтолғамдарымен аяқталды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 