БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ: МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Басты мақсат – университеттегі және өңірдегі бизнес-инкубатор, инновация және технологиялық кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық орнату мен дамыту.
Аталмыш келісімге ректор өкілі м.а Наджи Генч пен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қол қойды.
Басқосуда сөз бастаған ректор өкілі м.а Наджи Генч:
«Құрметті қонақтар, университетімізге қош келдіңіздер! Сіздермен серіктестік негізін қалағанымызға қуаныштымыз! Стартап жобалар мен IT, инновация сынды т.б. бағыттарды дамыту жолында бірлікте жұмыс істейміз деп сенеміз!»-деді.
Марат Айнабеков те өз кезегінде халықаралық дәрежедегі университетпен ынтымақтастық келісімін орнағанына қуанышты екенін жеткізді.
Кездесу барысында Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева университеттің түрлі бағыт бойынша болашақ кадрлар даярлаудағы қуаты мен үздік ғылыми жобаларымен таныстырды.
Ал, Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков «Yasawi» инкубациялық бағдарламасы туралы ақпараттармен бөлісті.
Тараптар алдағы уақытта: Студенттерді технологиялық бизнес-идеялар мен жобаларды құруға ынталандыруға көмектесетін бірлескен іс-шаралар, лекция мен семинарлар, кездесулер, стартап демалыс күндерін өткізу; Жастар арасында байқаулар мен бизнес-жобалардың жәрмеңкесін өткізіп, инновациялық бағыттағы үздік бизнес жобаларды іріктеу арқылы оларды жүзеге асыруға қолдау көрсету; Бизнес-инкубаторды дамыту мәселелері бойынша университет қызметкерлері үшін ақпараттық сессиялар, дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізу және т.б маңызды істерді жүзеге асыруға келісті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 