«CLUB FAIR — 2024» КЛУБТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Көрменің басты мақсаты — студент жастардың уақыттарын тиімді өткізу, белсенділігін арттырып, бағыт-бағдар көрсету.
Айтулы кеш ректор өкілі м.а Наджи Генчтің құттықтау тілегімен бастау алды.
«Ең алдымен, клубтарға қолдау көрсетіп келген студенттеріміз бен белсенді білімгерлерімізді көргеніме қуаныштымын!
Бүгін оқу ордамыз халықаралық статусқа ие университет ретінде, бір-екі емес, 20-дан астам клубтың жұмысы арқылы барша жоғары оқу орындарына үлгі болды деп ойлаймын. Клубтар әлеумет, денсаулық сақтау, өнер мен спорт сынды басқа да салаларда үлкен рөл атқарды. Осы себепті қашанда клуб студенттерінің еңбегін бағалаймыз! Алдағы уақытта атқарар істеріңізге сәттілік тілейміз!»,-деді Наджи Генч.
Келесі кезекте, академиялық мәселелер вице-ректоры Элмира Идрисова:
«Бүгінгі клубтарға тек сәттілік тілейміз! Қатарларыңызда студенттер саны арта берсін. Біздің университетіміздің барлық студенті белсенді, қазақ елі мен Түркі әлемінің ең мықты азаматтары болсын деп тілеймін!», - деді.
Белсенді жастарға әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу ақ тілектерін арнады.
«CLUB FAIR — 2024» клубтар көрмесі концерттік бағдарламамен жалғасты. Клуб тулары көкке көтерілді. Әр клуб мақсатын таныстырып, ортаға шықты. Жастар сахна төрінде әсем ән шырқап, би биледі. Осылайша, өнерлі студенттер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында «Шаңырақ» клубтар координациясында 23 клуб жұмысын бастады.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 