«ТАРИХИ ЖӘНЕ ӘДЕБИ МӘТІНДЕРДЕГІ ТҮРКІСТАН» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Аталмыш кітаптың редакторлары – профессор, докторлар Женгиз Томар және Бүлент Байрам.
Бұл еңбекте: археологиялық деректер бойынша Түркістанның көне тарихи географиясы, Алаш қайраткерлері және Түркістан, алғашқы Қытай дереккөздеріндегі Түркістан және т.б. өзекті ақпараттар жазылған.
Жиында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова:
«Бүгін университетіміздің кезекті еңбегі, Түркістан жайында көлемді монографияның таныстырылымына жиналдық. Бұл кітап оқу орданың кездейсоқ жазылып, шығарылған еңбегі емес. Университетіміздің құрылған күннен бері Түркістанды таныстыру, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұрасын күллі түркіге таныту мен Түркі әлемінің зиялы қауым өкілдерін бір ортаға тоғыстыру миссиясы негізінде жүзеге асты»,-деді.
Сонымен қатар, ректор Жанар Темірбекова оқу ордамызда жылдар бойы елеулі еңбек етіп, қызметтері аяқталса да Түркістан жайлы тың туындының жарық көруіне үлес қосқан кітап редакторларына алғыс білдірді.
Келесі кезекте, ректор өкілі м.а Наджи Генч:
«Құрметті оқытушылар мен қонақтар, сүйікті студенттер! Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың даңқты аты секілді университетіміздің де түркі әлемі үшін үлкен маңызға ие болғанын көріп отырмыз!
Тағы бір қуанышты жайт, Түркістанды таныстырып, оны тарихи және әдеби тілде ұғындырған жазушыларымыз – оқу ордамызда маңызды қызмет атқарған тұлғалар. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш!»,-деді.
Жиын барысында Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак та құттықтау тілегін арнады. Тарихи маңызы зор кітаптың құндылығы жөнінде ой қозғады.
Ал, кітап редакторлары, профессорлар Бүлент Байрам мен Женгиз Томар еңбектің жазылу барысын, ондағы құнды материалдар туралы естеліктерімен бөлісті. Түркістанның тек қана қала, облыс деңгейінде емес, Орта Азиядағы орны жөнінде тың ойларын жеткізді. Киелі топырақ, түркінің ортақ астанасына айналған – Түркістан жайлы кітап жазу, еңбек ету азаматтық борыштары екенін мақтана айтты.
«Құрметті әріптестер, студенттер сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын! Бүгін мен үшін аса маңызды күн. Жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізу мақсатында киелі Түркістанға табан тірегеніме бақыттымын!
Түркістан – тарихи мұрамыз ретінде ең маңызды жер. Түркістан қаласы – түркі халықтары үшін рухани орда. Ал, Түркістанның жүрегінде –Ясауи университеті бар. Қай кезде болмасын, оқу орда үшін қызмет етуге дайынбыз!»,-деді профессор Женгиз Томар.
Іс-шара соңында ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Наджи Генч және басқа да қонақтар кітаптың қызыл лентасын қиды. Аталмыш еңбектің оқырманы көп болуын тіледі.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 