УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Салтанатты кеш шымылдырығы Қазақстан мен Түркия Республикаларының әнұрандарымен түрілді.
Сахна төрінде «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі «Егемен Қазақстан» күйін шертті.
Іс-шарада сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова баршаны Республика күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады.
«Тарихтан белгілі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болды.
Ғасырлар керуеніне ілескен Ұлы Дала елінің ұрпақтары небір қилы заман, қиын кезеңдерді басынан өткерді. Егемендік – бұл қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы.
Баршаңызға егемен ел атанған күніміз құтты болсын! Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!»,- деді Жанар Темірбекова.
Келесі сөз кезегін алған Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу бауырлас елді тарихи маңызды күнмен құттықтап:
«Республика күні – ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының асыл арманы орындалған күн. Ата-бабамыз жан аямай күресіп, тәуелсіздіктің іргетасын қалады. Міне, бүгінде Қазақстан егеменді елге айналды. Халықаралық аренада өзге ұлттармен терезесі тең. Бұл үлкен абырой!»,-деді.
Жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі әуезді әуенімен көптің қошеметіне бөленді.
Сондай-ақ, сахна төрінде өнерпаздар көрерменге рух беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Студенттеріміз патриоттық әндер шырқаса, мын бұралған бишілер би биледі. Туған жер мен тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жайлы өлең жолдары оқылды.
Кеш соңында хор ұжымы «Отан» әнін шырқап, көк туымыз желбіреді.
Осылайша, айбарлы азаттығымыздың айғағы болған – Республика күні жоғары деңгейде тойланды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 