БОЛАШАҚ АКТЕР СТУДЕНТТЕР ӨНЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТТІ
Әзербайжан елінің танымал операттасын Спорт және өнер факультеті, Орындаушылық өнер кафедрасы «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері көпшілік назарына ұсынды.
Спектакльдің қоюшы режиссері, курс жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі,аға оқытушы Айткүл Сейтметова. Ал вокал дайындығына п.ғ.к.,профессор Алма Кужахметова жетекшілік етсе, концертмейстер –Ғалия Оралова болды.
«Аршын мал алан» комедиялық шығармасы алғаш рет 1913 жылы 25 қазанда әзербайжан театр сахнасында көрерменге таныстырылып, бірден үлкен табысқа жеткен. Спектакль көпшілік көңілінен шығып, шекара асып, 76 елдің 187 театрында сахналанған.
Ал танымал комедиялық қойылымды Түркістан сахнасына алғаш алып келген — белгілі режиссер, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Кәрімбек Сейтметов. Бүгінде ұлағатты ұстаздың еңбегі ұмытылмай, аға оқытушы Айткүл Сейтметованың жетекшілігімен қайта сахнаға шықты.
Ең бастысы, қойылымда өнер көрсеткен студенттердің таланты жиналған қауымды тәнті етіп, көрермен қошаметін аямады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 