УНИВЕРСИТЕТ ПІКІРСАЙЫСШЫЛАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Таяуда Түркістан қаласында «Пікірсайыс-көшбасшылар алаңы» атты республикалық деңгейдегі турнир өтті. Түркістан облысы әкімінің кубогы бәйгеге тігілген республикалық турнирде еліміздің 5 аймағынан 32 фракция өзара бақ сынады. Пікірсайыс турниріне университет атынан «Кенесары хан» фракциясы құрамында Әбілхан Мейірбек пен Смағұл Арайлым қатысты.
Сайыс нәтижесінде оратор шеберлігі мен функционалды білімінің жоғарғы деңгейін көрсеткен студенттеріміз Әбілхан Мейірбек және Смағұл Арайлым «АПФ» форматы бойынша Бас жүлдені жеңіп алып, 400 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, «ЛД» форматы бойынша Смағұл Арайлым «Ең үздік спикер» номинациясын және 50.000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы иеленді.
Бұған қоса, студенттеріміз Ақтөбе қаласында өткен «Ұлттық рух: жастар және болашақ» атты республикалық пікірсайыс турнирінде де жақсы нәтиже көрсетті. Турнирге 9 өңірден 62 фракция қатысты. «Yasawi» дебат клубынан 4 бірдей фракция сынға түсті. Олар: «Бекзат Саттарханов» фракциясы атынан – Ахметов Асет және Жақсылық Қолаңшаш, «Он жеті үштен төрт» фракциясы атынан – Арифов Сулейман және Нағмат Айсенім, «Бәлки» фракциясы атынан – Сейдеш Рамазан және Бескен Аяулым, «Үркер» фракциясы атынан – Таубаева Назерке және Джайшилик Мадина.
Турнир нәтижесі бойынша, «Он жеті үштен төрт» фракциясы 1/4 кезеңге дейін өтті. Ал «Бекзат Саттарханов» фракциясы 1/2 жартылай финалға шығып, жүлделі 4 орынды жеңіп алды.
Дебат турнирлерінде жоғары нәтиже көрсеткен студенттерді ректор өкілі м.а. Нажи Генч арнайы қабылдап, жүлделі орындарымен құттықтады.
Жеңімпаздар пікірсайысшыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы турнирлерге сәттілік тілейміз!
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 