«КОРПОРАТИВТІК ТАҢҒЫ АС» БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ
Енді әр аптаның сейсенбі күні сағат 9:00 – 10:00 аралығында кітапхананың бірінші қабатында корпоративтік таңғы ас форматында декандар, департамент басшылары, ҒЗИ директорлары мен декан орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру және команда құру мақсатында кездесулер өтеді. Таңғы ас кезінде әртүрлі өзекті мәселелер аясында талқылаулар жүргізіледі. Негізгі спикерлер университет ректоры, вице-ректорлар және департамент директорлары болады.
Игі бастаманың алғашқы күнінде университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова «Көшбасшылық және команданы басқару» тақырыбында маңызды тренинг өтті. Тренингке факультет декандары мен департамент басшылары, ҒЗИ директорлары қатысты.
Жанар Темірбекова қазіргі уақыттағы «Көшбасшы» ұғымын тереңінен түсіндірді. Оның шығу тарихы, қоғамға қажеттілік тудырған себептері туралы баяндады. Білім беру саласында, жоғары оқу орындарында көшбасшы рөлінің маңызын саралады.
«Көшбасшылық – өте үлкен, зерттеуді қажет ететін күрделі сала. Көшбасшылықтың жалпыға бірдей қабылданған анықтамасы – белгілі бір топ мүшелерін ортақ мақсатқа жеткізу үшін жеке тұлғаның қолданатын процесі. Бұл жұмыс жауапкершілік пен топтық жұмысты талап етеді»,-деді Жанар Амангелдіқызы.
Тренинг барысында қатысушылар адамның көшбасшы болуына әсер ететін ерекше қасиеттер, мінез-құлық, белгілі жағдаяттар туралы шетелдік ғалымдардың зерттеу-теорияларымен танысты. Жанар Темірбекова, атап айтқанда: Ұлы адам теориясы, Қасиет теориялары, Іс-әрекет, Жағдай теориялары, Транзакциялық теория, Трансформациялық теорияларды талдап, мысалдар келтірді.
Қатысушылар «Адам көшбасшылық қабілетпен туылады немесе ол қабілет жүре келе қалыптасады» деген пікірді өзара талқылады. Сондай-ақ, көшбасшының бойында болуы тиіс қабілеттер тізбегін айтып, ойларын ортаға салды.
Тренинг соңында қатысушылар ректор Жанар Темірбековамен таңғы ас ішті. Университеттің факультет декандары мен департамент басшыларымен кездесіп, маңызды тақырыпта басталған тренинг-семинарлар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ. Бұл туралы ректор мәлімдеді. Алдағы жиындарға декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары да қатысады.
Жиын соңында Жанар Темірбекова бүгінгідей іс-шаралар оқу орда қызметкерлерінің ынтымақтастығын арттырып, тәжірибе алмасуына зор ықпалын тигізеріне сенетінін айтты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 