ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТТАРЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АРНАЙЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ
Оқу ордамыздың Биология кафедрасында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 12 магистранты арнайы тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты – магистранттардың кітапханамыздың педагогикалық бағыттағы қорымен және биотехникалық зертханасымен танысып, өздерінің эксперименттік жұмыстарын жүргізу, әрі қос оқу орда арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
Тағылымдамадан өтушілер, ең алдымен, университетіміздің корпустарын, 88 гектарды құрайтын ботаникалық бағын және кітапхананы аралады. Олар алдағы уақытта кітапханамызда диссертациялық жұмыстарына қажетті материалдарды кеңінен қолданады.
Бүгін Биология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, қауымдастырылған профессор Ғани Исаев 12 магистрантқа кафедра оқытушыларының жеткен жетістіктері мен гранттық жобалар туралы кең көлемде ақпарат берді.
«Біз кітапханамызда әр магистрантты өз тақырыптарына сай кандидаттық, докторлық диссертациялармен және каталогтармен таныстыруды жоспарлап отырмыз.Өздеріңіз білетіндей, 2010 жылға дейін педагогикалық бағыт бойынша Докторлық диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Сол жердегі жұмыстардың түп нұсқалары біздің кітапханаға да өткізілген. Кандидаттық, докторлық қорғалған жұмыстар Қазақстан бойынша ЖОО-ның кітапханаларына 1 дана авторефаратын тарқатады. Бізде де осы бойынша жинақталған үлкен қор бар. Тағылымдамадан өтушілер аталған екі қормен танысады. Яғни, магистранттар өз диссертацияларын пысықтау, талдау және деректер жинау мақсатында бізге арнайы келді», — деді Ғани Исаев.
Тағылымдама нәтижесінде магистранттар халықаралық деңгейдегі конференциялар мен конгрестерге авторлық мақалаларын жариялайды деп күтілуде.
Айта кетейік, тағылымдама 19-ақпанға дейін жалғасады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 