ОҚУ ОРДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЗОР ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Жиылған қауым Астана қаласында Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Нұрила Асанқызы мен қола жүлдегер Ұлбосын Адилова және бокстан Будва (Черногория) қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Сейілхан Өнер мен қола жүлдегері атанған бұрымды боксшы Шұғыла Нәлібайға қошемет көрсетті. Қазақстанның атын асқақтатып, оқу орда абыройын үстем еткен студенттерімізді әуезді әнмен, әсем гүлдермен күтіп алды.
Сонымен қатар, жеңімпаз жастарды спорттық сайыстарға дайындаған – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Абсадық Халиллаев пен Берік Жарылқасынға, аға бапкер Еркебұлан Көпесовке ерекше құрмет көрсетілді.
Келесі кезекте, чемпиондар мен бапкерлерді ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Нажи Генч арнайы қабылдады.
Ректор Жанар Темірбекова: «Студенттеріміз спорт саласында жыл сайын жаңа жетістіктермен қуантуда. Бұл – үлкен қуаныш! Әлем чемпионы атану – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Жеңістің артында еңбек пен тер, күш-жігер тұр. Осындай чемпиондарды дайындаған бапкерлеріне де үлкен алғысымызды білдіреміз!»,-деді. Сондай-ақ,спорт саңлақтарының алдағы уақытта да жетістікке жетіп, сайыстарда бақ сынауы үшін барлық қолдауды көрсетуге дайын екенін баса айтты.
Ал, ректор өкілі Нажи Генч әлемдік бәсекеде топ жарған спортшыларды құттықтап, ризашылығын білдірді.
Спортшылар мен бапкерлер құрмет-қошеметпен қарсы алып, ақ тілегін арнаған оқу орда басшылығына алғыс айтты.
Жиын соңында Жанар Темірбекова мен Нажи Генч әлем чемпиондарын арнайы алғыс хатпен марапаттап, университет атынан қаржылай сый-сияпат табыстады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 