МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН МІНДЕТТІ ЕҢБЕКПЕН ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін университетімізде «Қаржы орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен мемлекеттік білім беру грантын міндетті еңбекпен өтеу мәселелерін түсіндіру бойынша кездесу өтті. Жиынға бакалавриат, магистратура мен докторантура бойынша білім алып жатқан 2025 жылы оқу бітіретін түлектер қатысты.
Айтулы іс-шарада «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы Ақзира Серікқали арнайы келіп, ақпараттарды түсіндірді.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандарды жұмысқа бөлуге және орналастыруға, сондай-ақ грантты міндетті еңбекпен өтеуге қатысты мәселелерді түсіндіру. Сонымен қатар, ауыл квотасы бойынша білім алып жатқан жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, оқу бітіретін жас мамандарға ауылды жерде жұмыс істеуге жолдамалар беру мәселелерін талқылау.
Ақзира Серікқали, ең алдымен, мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелеріне «Қаржы орталығы» мониторинг жүргізетінін айтты.
«Бүгінгі таңда Қаржы орталығы 300 мыңнан астам түлекпен жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 50 мың түлектен сот арқылы өндіру жұмыстары жүргізілуде. Олардың EGOV порталындағы жеке кабинеттеріне «қарызгер» екені туралы ақпарат жіберілді. 2000-нан астам түлек бойынша сотқа арыз берілді. Бұл – 2023-2024 жылдары оқу бітірген түлектердің 9 айлық көрсеткіші. 900 іс бойынша сот шешімі шықты. Қаржы орталығы оқуға кеткен шығынды осылай, қысқа мерзімде, сот шешімі арқылы өндірмек. Сондықтан, барлық түлекті міндеттерін орындауға шақырамыз!»,-деді Ақзира Серікқали.
Кездесуде мониторинг жүргізу тәсілі мен мерзімі, грант өтеу уақыты мен ауыл квотасы бойынша оқыған жастардың ауылдық елді мекендерде еңбекпен өтеу міндеттемелерін, әр санатты жіктеп түсіндірді. Сонымен қатар, магистранттар мен доктаранттардың мемлекеттік гранттарын өтеуі туралы да тың ақпараттар берді.
Жиын соңында білімгерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 