ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЕРЕСЕКТЕР ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ
Басты мақсат – тоғызқұмалақ ойынынан Азия елдерінің үздік спортшыларын анықтау. Сондай-ақ, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті дамыту. Аталған ойынды Азия елдерінде кеңінен насихаттау.
Жарыста Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Қытай, Монғолия, Түркия мен Ресей сынды өзге де мемлекеттердің командалары өзара бақ сынаспақ.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова:
«Бүгін университетіміздің қабырғасында тағы бір маңызды іс-шара ұйымдастырылғанына қуаныштымыз! Тоғызқұмалақ – тарихи тереңге жайылған, күллі түркі халықтарының ортақ ойыны, рухани мұрасы.Түркі халықтарының мәдени құндылығы – оның логикалық ойлау өнеріне деген құрметі деп білеміз. Кез келген түркі халқын алсаңыз, міндетті түрде зияткерлік ойыны бар.
Бүгінгі Азия кубогы қоғамда ұлттық ойындарды насихаттайды деп сенеміз. Барлық спортшыларға алғыс айта отырып, сәттілік тілейміз!»,-деді.
Келесі кезекте, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы м.а Алмасбек Мұхаддасұлы: «Ұлттық ойынға қызығушылық танытушылардың қатары еселеп артып, республикалық, халықаралық жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылып, шетелдерде қауымдастықтар ашылды. Түркістан облысында бүгінде 35 мыңға жуық спортшы шұғылданып, 350-ден астам жаттықтырушы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде. Тоғызқұмалақтан ересектер және жастар арасындағы Азия кубогын өткізу Азия елдерінде ұлттық спортымызды дәріптеуге септігін тигізеді»,-деді.
Айта кетейік, тоғызқұмалақтан ересектер және жастар арасындағы Азия кубогы 5-желтоқсанға дейін жалғасады.
Тоғызқұмалақ – әлемдік деңгейдегі зияткерлік ойын. Ал, бестемше –тоғызқұмалақтың әліппесі іспетті ойын түрі. Университет корпустарында тоғызқұмалақтан бөлек, бестемше ойынын ойнауға арналған кілемшелер қойылған. Ол жерде студенттер ғана емес, қызметкерлер мен қонақтар да күнделікті ойын ойнап, уақыт өткізеді. Сайысқа жиналған қауымда кілемшеде бестемше ойнап көрді. Сондай-ақ, «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығында «Мангала», «Асық ату» сынды басқа да ойындармен танысты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 