«АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Жақында ғана ұлағатты ұстаз есімі берілген Рақманқұл Бердібай атындағы конференция залында өткен жиында қазақ әдебиеті мен Абайтану саласының білікті ғалымы студенттерге тың мәліметтер берді.
Абайдың өмірі мен шығармашылығын қазіргі қоғаммен байланыстыра талқылаған Омар Жәлел Абайдың философиялық көзқарастары, адам болудың мәні туралы ойларын тарқата баяндады.
Ол Абайдың білім мен ғылымға деген көзқарасы қазіргі білім беру жүйесіне үлгі болуы керек екенін баса айтты. Білімнің тек пайда табуға емес, адамды дамытуға бағытталуы тиіс екенін, тек оқып қана қоймай, жүрекпен, шын мәніндегі ғылымды қабылдап, мінезді түзетуге ерекше мән беруді атап өтті.
Семинар білімгерлердің ғылымның орасан пайдасын, өз-өзін тәрбиелеуге және ұлттық рухты сақтауға рухани азық екенін түсінулеріне себеп болды.
Жиын соңында ғалымға арнайы сертификат табысталып, естелікке кәдесыйлық тарту етілді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 