ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен отырыста Мемлекет басшысының қаламызға рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беру тапсырмасына сәйкес әзірленген Заң жобасы бірауыздан қолдау тапты.
Мұндай маңызды заңның әзірленуіне Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, сондай-ақ қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болғанын атап өтпеске болмас.
Заң жобасын талқылау 1,5 сағатқа созылып, депутаттар тарапынан түрлі пікірлер мен сауалдар жолданды. Оны әзірлеу барысында Ұлыбритания, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа елдердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу тәжірибелері зерттелді. 4 тараудан және 15 баптан тұратын жаңа заң Түркістан қаласын Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді қамтып отыр. Әр бап, әр тарап Парламент депутаттарының қызу талқысынан өтіп, нәтижесінде бірінші оқылымда-ақ қабылданды.
Ерекше мәртебе тек қаламызға ғана емес, университетіміздің дамуына да серпін береді. Түркістанның өсіп-өркендеуі студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер мен заманауи жағдайлар ұсынады. Бірге дамып, бірге жарқын болашаққа қадам басайық!
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 