ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНАН АВИАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫ КЕЛДІ
TUSAŞ, яғни «Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібі» ЖШС – Түркияның авиация және ғарыш саласындағы жетекші компанияларының бірі. Оқу ордамызға айтулы компанияның ҒЗЖ қызметіне жауапты басшысы, профессор, доктор Фахреттин Өзтүрк, Өндірістік және сапаны бақылау бөлімшелерінің жетекшісі Кемент Акдемир, Бас менеджер, профессор, доктор Махмут Фарук Акшит келді.
Айта кетейік, бұл компанияда 10 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. 1973 жылы құрылған TUSAŞ – негізінен Түрік қарулы күштері және басқа да жергілікті және шетелдік тапсырыс берушілерге авиация мен ғарыш технологиялары саласында инновациялық шешімдер ұсынады. Компания әскери және азаматтық ұшақ жобаларымен ерекшеленеді. Онда мамандар тікұшақтарды жобалау, өндіру және жаңғырту, сонымен қатар заманауи авиация жүйелерді біріктірумен айналысады.
Кездесуде оқу орда басшылығы мен қонақтар екі тараптың өзара ынтымақтастығын нығайту шаралары туралы пікір алмасты.
Басқосуда авиация саласының үздік мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстарының қызығы мен қиындығы туралы баяндады. Сондай-ақ, спутниктерді жобалау және интеграциялау, ғарыш жүйелерін дамыту мен өндіру саласындағы маңызды жобалары мен компанияның инновациялық шешімдер үшін қуатты зерттеу және әзірлеу инфрақұрылымына ие, халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыстары жөнінде тарқата айтты. Осы әңгіме аясында университеттің инженерлік бағыттағы білім беру бағдарламаларын күшейту мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, оқу орнымыздың қабырғасында TUSAŞ компаниясының қолдауымен зертханаларды жабдықтау және студенттердің практикалық оқу-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша ортақ істер атқару мүмкіндіктерін қарастырды.
TUSAŞ компаниясының өкілдері университет басшылығымен кездесу барысында оқу орны жұмысына жақсы бағасын беріп, әлеуетін жоғары бағалады.
Жиын соңында құрметті қонақтар ерекше ықыласпен қарсы алып, қонақжайлықтың озық үлгісін көрсеткен Ясауи ұжымына алғыс білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 