2024 ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен, әрі өзге де жетістіктерімен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисованы облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысы Мәслихат төрағасының арнайы грамотасымен құттықтады. Ал, Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Раушан Қуандықованы 60 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Келесі кезекте, университетіміз бен «Ясауи Эндаументі» қоры арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді. Айтулы келісімге ректор Жанар Темірбекова мен Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, «Ясауи Эндаументі» қоғамдық қорының басшысы және үйлестірушісі Мәриям Асанова қол қойды. Бұл құжат алдағы уақытта ортақ жобаларды жүзеге асыру мен өзара тиімді серіктестік орнатуға негіз болады. Оқу орда басшылығы мен Сенат мүшелері меморандум университеттің ғылыми, мәдени және қоғамдық дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ғылым департаментінің директоры Х.Масадиков ҚР ҒЖБМ мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысы туралы, Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.Досболов 2024-2025 оқу жылының докторантура бағдарламаларына қабылданған білімгерлердің диссертация тақырыптарын бекіту бойынша ақпарат берді. Академиялық департамент директоры А.Бостанова Қорытынды аттестаттау комиссиясының (ҚАК) төрағаларын бекіту туралы баяндады.
Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну, Университеттің №3 оқу-ғимараттарында орналасқан кабинетке университетіміздің ардагер профессорының атын беру, Ақылы негізде қабылданған докторанттарға оқу ақысына жеңілдік беру сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 