«ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ МЕН «ӨНЕР, МЕДИА ЖӘНЕ ДИЗАЙН» ФАКУЛЬТЕТІН АШУҒА ҰСЫНЫС БЕРІЛДІ
Бүгін университетімізде кезектен тыс №3 Сенат Мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, оқу ордамызда «Заң факультеті» мен «Өнер, медиа және дизайн факультеттерін» ашу туралы ұсыныс берілді.
Яғни, «Экономика, басқару және құқық» факультетінен Заң (Құқық) факультетін бөліп шығару жөнінде, ал, «Спорт және өнер» факультетінен Өнер факультетін бөлу туралы ұсыныс жан-жақты сараланды. Сондай-ақ, Өнер факультетіне Журналистика кафедрасы мен Дизайн кафедрасын қосу арқылы – «Өнер, медиа және дизайн факультеті» деп атауға бір ауыздан дауыс берілді.
Факультеттерді бөлу мен жаңадан ашудағы басты мақсат – университет әлеуетін одан әрі арттыру. Соңғы жылдары, Құқық мамандығына қызығушылық танытып, оқуға келген студенттер санының артуы факультет ашуға негіз болмақ. Ал, өнер саласы мен медиа және дизайн бағыттары оқу орда имиджін қалыптастырып, өркендетуге үлес қосатын бір-бірімен тығыз байланысты мамандықтар екені айтылды. Бұл туралы жиын барысында кафедра меңгерушілері мен оқытушылары атап өтті.
Сенаттың «Заң» мен «Өнер, медиа және дизайн» факультеттерін ашу туралы ұсынысы алдағы уақытта Өкілетті Кеңесте қаралып, нақты шешім қабылданады.
Жаңа факультеттер ашылса, «Экономика, басқару және құқық» факультетінің атауы – «Экономика және басқару» факультеті, «Спорт және Өнер» факультетінің атауы – «Спорт» факультеті болып өзгереді.
Университет ректоры Жанар Темірбекова тарихи маңызы бар ұсынысты талқыға салып, қолдау көрсеткен Сенат мүшелеріне алғыс білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 