УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САУАТЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін университетімізде құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Құқықтық салауаттылық – болашаққа сенімді қадам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – заң мен тәртіп концепциясы аясында білім алушылардың құқық мәдениетін арттыру және күшейту.
Кездесудің модераторы, университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Төлегенов жастар арасында жиі кездесетін мәселелерге шолу жасады. Кездесуге Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, прокуратура қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының директоры, сондай-ақ университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шара барысында құқықтық нормалар, заңға сәйкес мінез-құлықтың маңызы және құқық қорғау механизмдері талқыланды. Мамандар студенттерге заңнамалық өзгерістер, есірткі қылмысына қарсы күрес, экономикалық қауіпсіздік және құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Құмар ойындар адамдарды кедейлікке әкеледі, бірақ олар өздерін байытып жатқандар сияқты сезінеді», – деген университетіміздің түлегі, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл полиция майоры Марат Бимаханов өз сөзінде психолог Стюарт Лоансингтің пікірін мысалға келтірді.
Кездесу барысында қатысушыларға арнайы дайындалған екі видео көрсетілді. Әсіресе, отандық «Sheker» фильмінен берілген үзінді білім алушыларға ерекше әсер етті.
Университетіміздің студенттері заң саласындағы мамандарға күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға және заңға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 