УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «STUDY IN KAZAKHSTAN» КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ
Жиынның ашылу салтанатында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова: «Бүгін біздің университет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы білім басқармасымен бірігіп, сіздер үшін маңызды іс-шара ұйымдастырды.
Кез-келген елдің даму болашағы жастарға байланысты. Елімізде дүниежүзіндегі ең мықты 34 университет пен филилал ашу бойынша келісімге қол қойылды. Оның 23-і Қазақстанның түрлі өңірлерінде ашылды. Бүгін сол ЖОО-ның өкілдері өздерін таныстыру мақсатында көрмеге қатысуға арнайы келді»,-деді.
Келесі кезекте, Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова: «Білім саласы – адамзат тарихының дамуындағы ең маңызды сала. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикамызда ашылған шетелдік ЖОО филиалдарының өкілдерімен кездесу өтуде. Бұл біздің түлектер үшін үлкен мүмкіндік! Себебі, отандық біліммен қатар, шетелдік білім беру стандарттарымен танысып, таңдау жасауға мүмкіндік алды деп ойлаймын»,-деді.
Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев айтулы жиынның маңызын тереңінен саралап, болашақ студенттерге кеңес берді.
«29-қаңтар күні Қарғанды қаласында бастау алған көрме, бүгін Түркістан қаласында жалғасын тапты. Осы көрмені өткізуге атсалысқан Түркістан облысы әкімдігі мен Ясауи университетіне алғыс білдіремін.
Study in Kazakhstan – Қазақстандық талапкерлердің елімізден тыс шықпай-ақ, өз жерімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, халықаралық деңгейдегі дипломға ие болу мүмкіндігі. 2022-2024 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 23 стратегиялық серіктестік орнатты. Соның арқасында, 23 шетелдік ЖОО-ның филиалдары мен қосдипломдық бағдарламалары Қазақстанда іске қосылды»,-деді министр кеңесшісі.
Айта кетейік, Түркістан, Кентау қалалырының, сондай-ақ Отырар және Сауран аудандарының мектеп бітіруші түлектері 10-11 ақпан күндері шетелдік ЖОО филиалдарымен таныса алады. Әр филиалдың өкілдері білім беру ісіндегі ерекшеліктері мен оқу орны ұсынар мүмкіндіктері жайлы тың ақпараттар беруге әзір.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 