БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
Оқу орнымыздың Спорт және өнер факультетінің түлегі, самбодан Қазақстан және Азия чемпионы Айнұр Ақжігітова UAE SWAT Challenge додасында Әлем чемпионы атанып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Еске салайық, жуырда Дубайда жоғарғы әскери спортшылар арасында UAE SWAT Challenge сайысы өтті. Оған Қазақстан атынан 12 команда қатысты. Соның ішінде, Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» және «Томирис» командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» командасы төртінші орынға ие болды. Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсетті. Мемлекет басшысы жеңімпаздарды құттықтап, бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Еліміздің намысын абыроймен қорғаған жауынгерлер қатарында университетіміздің түлегі, белді самбошы ару Айнұр Ақжігітова да болды. Чемпионның бапкері - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан 5 дүркін Әлем чемпионы, ардагер самбошы және оқу орнымыздың ардагер оқытушысы Әбдісадық Халилаев.
Университетіміздің түлегі – Айнұр Ақжігітованы және жеке бапкері Әбдісадық Халилаевты қуанышымен құттықтай отырып, алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 