УНИВЕРСИТЕТ ДОКТОРАНТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PISA – 2025 КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Іс-шараның басты мақсаты – 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану пәндеріндегі білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін бағалау нәтижелерін талқылау.
Конференцияның ресми бөлімін Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева ашты. Іс-шараға Түркия, Қырғызстан және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, еліміздің 11 облысынан 400 педагог келіп, 20 мыңнан астам педагог үшін конференция тікелей эфирде де жүргізілді.
Конференция барысында PISA халықаралық зерттеу нәтижелері негізінде болашақ білім беру стратегияларын қалыптастыру, зерттеу тапсырмаларын құрастыру алгоритмдері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер талқыланды.
Конференцияның негізгі баяндамасын оқу ордамыздың және Гази университетінің PhD докторанты, халықаралық сарапшы Назира Тұрсынбаева оқыды. Ол «PISA нәтижелері және болашаққа бағытталған білім беру стратегиялары» тақырыбында білімі және тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Гази университетінің «Білім беруде өлшеу және бағалау» кафедрасының профессоры, халықаралық сарапшы Исмайл Каракая «PISA - 2025 зерттеуіндегі негізгі өзгерістер» атты баяндамасын оқыды.
Жиын аясында профессор Исмайл Каракая мен PhD докторанты Назира Тұрсынбаева PISA 2022 зерттеуіндегі шығармашылық тұрғыдан мәселелерді шешуді бағалау үшін жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында семинарлар өткізді. Олар XXI ғасыр дағдыларын өлшеуге арналған бірнеше дұрыс жауабы бар ашық тапсырмаларды құрастыру әдістерін талқылады. Сондай-ақ, пленарлық секцияларда оқу және жаратылыстану сауаттылығы мәселелері бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, ғылыми талқылаулар мен воркшоптар жүргізілді.
Аталған конференция білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді бөлісуге, халықаралық деңгейдегі сараптамалық пікірлерді талдауға және Қазақстандағы функционалдық сауаттылықты арттыру бағытында маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 