ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек», – деп Түркістанның маңызын айрықша атап өткен еді.
Ахмет Ясауи университеті үшін бұл заңның қабылдануы – үлкен мүмкіндіктер кезеңінің бастауы. Орта ғасырларда түркі халықтарының рухани ұстазы атанған Қожа Ахмет Ясауи осы өңірде ілім мен білімнің шамшырағын жаққан еді. Ұлы бабамыздың есімімен аталатын университетіміз бүгінде Түркі әлемінің білім мен ғылым ордасы ретінде өз миссиясын одан әрі кеңейтіп, халықаралық деңгейде жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бет алады.
Түркістанның мәдени және ғылыми орталық ретіндегі мәртебесінің артуы университетіміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер мен ғалымдарды тартуға жол ашады. Сонымен қатар, бұл мәртебе университетімізге академиялық бағдарламаларды жетілдіріп, түркі халықтарының ортақ құндылықтарын дәріптеуге бағытталған жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Түркістанның ерекше мәртебесі – тек қаланың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени, білім және ғылым саласындағы өрлеуінің жарқын қадамы. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің мұрагері ретінде университетіміз өз жауапкершілігін сезіне отырып, тарихи әрі қасиетті шаһарымыздың дамуы үшін қызмет етуді қарқынды түрде жалғастырады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 