МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРДІ
Университетіміздің Шымкент кампусы, Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінде «Қаржы орталығы» АҚ-ның жетекші маманы Ақзира Серікқалидің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Басқосудың мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші түлектерге оқуын тәмамдаған соң, жұмыспен өтеу міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Ақзира Серікқалиқызы биылғы оқу жылынан бастап жұмыспен өтеу міндеттемелері туралы білім алушыларға Egov электронды үкімет порталы арқылы хабарламалар келетінін ескерте отырып, оның маңыздылығына тоқталды.
Кездесуге мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын бітіруші интерндер мен резиденттер, сондай-ақ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінің деканы А.Абдрахманова, декан орынбасарлары Н.Тасбулатов, А.Джаппаркулова, Педиатрия кафедрасының меңгерушісі С.Тоқбергенова, Жалпы дәрігерлік практика №1 кафедрасының меңгерушісі Қ.Кулаев, Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығының басшысы С.Мухиддинова және эдвайзерлер қатысты.
Жиын соңында білімгерлер аталған мәселе бойынша сұрақтар қойып, жетекші мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 