УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Анкарадағы Қазақстан Елшілігінде өткен ресми кездесуде екі жақ білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кездесуде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтудағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің стратегиялық рөлі туралы айтылып, алдағы уақытта қандай бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болатыны қарастырылды.
Кездесу барысында университет басшылығы біліктілігін арттыру мақсатында жақында Түркияға аттанатын 31 оқытушы туралы айтып өтті. Елші Еркебұлан Сапиев бұл бастаманы қолдайтынын білдіріп, аталған ұстаздарды елшілік қабырғасында арнайы қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бұл – университет пен елшілік арасындағы сенімді әріптестіктің нақты көрінісі.
Сонымен қатар, жаз айларында Түркияда өтетін жазғы мектеп бағдарламасына қатысатын 40 студентіміздің де сапары талқыланды. Еркебұлан Сапиев аталмыш студенттер Анкара қаласына келген кезде олармен арнайы кездесіп, ашық сұхбат құруға мүдделі екенін айтты. Бұл да жастарды қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Университет басшылығы Елшілікке халықаралық іс-шаралар мен жобаларға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.
Ректор Жанар Темірбекованың Түркияға арнайы іссапармен баруы және маңызды кездесулер өткізуі – университетіміздің халықаралық байланысын нығайтуға, сондай-ақ түркі әлемінің ортақ білім кеңістігін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
# 19. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 