ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ КВОТАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Олимпиаданың мақсаты – дарынды жастарды анықтау және қолдау, дінтану мен теология салаларына қызығушылық танытқан талапкерлерге кәсіби бағыт-бағдар беру.
Республикалық деңгейдегі білім бәйгесіне Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 11-сынып оқушылары қатысты. Әр өңірден 3 оқушыдан құралған командалар екі кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушылар берілген тақырып аясында шығарма жазып, ойлау қабілеті мен жазу сауатын көрсетсе, екінші кезеңде теориялық сұрақтарға жауап берді.
Екі күнге созылған олимпиада нәтижесінде қатысушылар мен олардың жетекшілері I, II, III дәрежелі дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылар университетімізің Дінтану және Теология білім бағдарламаларына грант (квота) негізінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, квота иегерлері ағылшын және түрік тілінің 1 жылдық дайындық курсынан да тегін өтетін болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттаған университетіміздің Академиялық мәселелер вице ректоры Элмира Идриосова оқу орнының студенттерге ұсынатын ерекше мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, талапкерлерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсуге шақырды.
Ал Тееология факультетінің деканы Сұлтанмұрат Абжалов ерекше мәртебелі Түркістан қаласына олимпиадаға қатысу үшін арнайы Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдірді.
Олимпиада барысында оқушылар университеттің ғылыми және рухани ортасымен танысып, болашақ студенттік өмірге бір қадам жақындады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 